ҚР прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасы бекітілді

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 24 шілдедегі №76 бұйрығымен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасы бекітілді.

ҚР прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасы бекітілді

***

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының бұйрығы


Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, бұйырамын:

1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасы бекітілсін.

2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.

3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.

5. Аталған бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев

Толық мәтін республикалық БАҚ-та бүгін жарияланды: http://www.egemen.kz/kz/resmi-b-lim-2/4822-aza-stan-respublikasyny-bas-prokuraturasyny-b-jry-y-76