ҚР Прокуратурасы: Қылмыстық қудалау органдарының көрсеткіштерді қолдан көтеруі жойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыстық қудалау органдарының көрсеткіштерді қолдан көтеруі жойылды. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Нұрмұхамбет Исаев мәлім етті.
«Бір мезгілде қылмыстық қудалау органдарының көрсеткіштерін қолдан көтеруді жою бойынша шаралар қолданылды. Бұрын бір адамның есірткі сату дерегін бірнеше рет құжаттап, әрбірі бойынша қылмыстық істер қозғалып, осылайша мұндай қылмыстың анықталуы мен әшкереленуі қолдан көтерілетін еді», - деді Бас прокурордың орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта прокурорлардың араласуының арқасында мәліметті қолдан көбейту тыйылған.
«Осы тектес жағдайлар қылмыстық қудалау органдарының көрсеткіштеріне әсер ететін пара алушылықтың және басқа да қылмыстардың анықталуымен байқалатын. Алайда біз бұл жағымсыз беталыстың да жолын кестік», - деді Н.Исаев.