ҚР Сауда министрі Беларусьпен арадағы келісімшарттарға қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Беларусьтегі жағдайды ескере отырып, осы елмен арадағы сауда келісімшарттарының талаптары орындалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында министрден биыл Беларусь пен Қазақстан арасындағы тауар айналымының төмендеу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды.

«Болжам жасау – негізінен жақсы атақ әкелмейді. Сауда министрлігінің рөлі кедергілерді азайтуға арналған. Екіжақты талқылау алаңында, ЕАЭО алаңында біздің кәсіпкерлер үшін кедергілерді азайту қадамдарын іске асырамыз. Халықаралық және ішкі саудаға әсер ететін факторлар өте көп. Өкінішке қарай, ішкі өңірлік сауда бойынша көрсеткіштер тиісті деңгейде емес. Коронавирус індетінің әсері нәтижесінде бұл көрсеткіш төмендеді. Атап айтқанда, факторлар аз емес. Дегенмен де келісімшарттардың орындалуына қандай да бір кедергілер болмайды деп үміттенеміз», – деді Б. Сұлтанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, әлемдегі сауданың жалпылай тежелуі тұрғысында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 7,4 пайызға төмендеді.


Соңғы жаңалықтар