ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Халықаралық арбитраждық және Үшінші жақ соттарының төрағалары сайланды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыда ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында (СӨП) сайлау өтті. Оның қорытындысы бойынша СӨП жанындағы Халықаралық арбитраждық соттың төрағасы болып Маратқали Нүкенов және СӨП жанындағы Үшінші жақ сотының төрағасы болып Валерий Жакенов сайланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СӨП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайлауға қатысушы ҚР СӨП-ның президенті Ерлан Қожасбайдың айтуынша, бүгінгі қалыптасып отрыған кәсіпкерлер стеоротиптерін жоюда үлкен еңбек қажет. Сол арқылы арбитраждық соттың тиімділігі дәлелденеді.

Арбитраждық және үшінші жақтық таңдау экономикалық және азаматтық-құқықтық даулардың сотқа дейінгі шешімінің негізгі баламалы формасы. Әлемдік тәжірибе бойынша, арбитраждық соттардың жұмысын СӨП соты атқарады.

Көптеген сарапшылардың пікірінше, кәсіпкерлердің барлық талаптарына жауап береді. Екіжақты келіспеушіліктерді үшінші, аралық, тәуелсіз тараптың қатысуымен шешу тиімді және одан әрі іскерлік қарым-қатынастарды сақтай алатындығын тәжірибелер көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар