ҚР Сенатына депутат сайлаудың алдын ала нәтижесі: Ұлытау облысынан екі кандидат жеңіске жетті
Қазақстанда сенат депутаттарын мәслихат депутаттары сайлайды.
Кандидаттардың тағдырын үш жаңа өңір бойынша 346 мәслихат депутаты шешті.
Сенатқа алдын ала сайлауда Ұлытау облысынан Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров пен Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев жеңіске жетті.
Серік Шайдаров 2020 жылы сайланған депутаттардың орнына кандидаттар арасынан 41 дауыс жинап, алға шықты. Ал Советбек Медебаев 38 таңдаушы дауысын жинап, 2017 жылы сайланған депутаттардың орнына кандидаттар арасында дауыс беруде көш бастап тұр.
Конституцияға сай, сенат депутаттары алты жылға сайланады. Олардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады.
Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Мемлекет басшысы жаңадан құрылған үш облыстан сенат депутаттарын сайлауды тағайындады.