ҚР Сенатының төрағасы бастаған делегация Өзбекстанға келді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілік еткен парламенттік делегация бүгін Өзбекстан астанасына келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.
None
None

Ресми сапар барысында екі ел арасындағы парламентаралық ықпалдастықтың басымдықты бағыттары бойынша кездесулер мен келіссөздер өткізу көзделген. Сондай-ақ Самарқанд қаласына бару жоспарлануда.

Бұдан бөлек, қазақстандық делегацияны Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қабылдайды деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар