ҚР Шекара қызметі Ресей мен Қырғызстан азаматтарынан қатесі үшін кешірім сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 тамызда қазақстан-ресей шекаралық бақылаудан өту кезінде Екатеринбург - Бішкек бағыты бойынша транзиттік жолаушылар автобусындағы шетелдік азаматтарға техникалық қателіктер мен адам факторына байланысты мемлекеттік шекарадан өту мерзімі қате белгіленген.

ҚР Шекара қызметі Ресей мен Қырғызстан азаматтарынан қатесі үшін кешірім сұрады

Астана қаласы көші-қон полициясына Ресей мен Қырғызстан азаматтарының шекарадан өтуінің ресми растау бағытталды.

Шекаралық қызмет шетелдік азаматтардан ресми кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Қызметтік тексеріс жүргізілуде. Кінәлі тұлғалар жазаланады.