ҚР шекарашылары бес килограмм есірткі тәркіледі

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Демалыс күндері қазақстандық шекарашылар 5 килограммға жуық есірткі заттарын тәркіледі. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР шекарашылары бес килограмм есірткі тәркіледі

Шекара қызметкерлері «Бішкек - Мәскеу» бағытындағы № 27 поезының «Мерке т.ж.» өткізу пунктінде вагондардың біреуін тексеру кезінде жұмысшы тамбуріндегі пештің түтін шығатын жерінен скотчпен оралған екі полиэтилен пакетті тауып алды. Ашу кезінде қою-жасыл түсті марихуананың өзіне ғана тән иісі бар жалпы салмағы 4 килограммға жуық зат табылды.

Осы күндері Қордай шекара отрядының «Бетқайнар» заставасының шекарашылары 1986 жылы туған Қырғызстаннан келе жатқан Қазақстан азаматын ұстады. Одан салмағы 1 килограммдай болатын ұнтақ зат - героин табылды.

Аталған оқиғалар туралы арнайы орындарға хабарланды.

Осы фактілер бойынша тексеру жүргізілуде.

операция
Ұқсас жаңалықтар

Моноқалаларға баратын дәрігерлер қандай әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етіледі