ҚР шығысында жауын-шашын жауып, ауа температурасының төмендеуі күтіледі

Фронтальдық бөліктердің өтуімен бірге шығыста кейбір жерлерде жауын-шашын мен ауа температурасының төмендеуі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін болып, кейбір жерлерде 30 метр секунд жылдамдықпен шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Алматы, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғып, кейде 27 м/с дейін болады деп күтілуде, Қызылорда облысында - шаң көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтілуде.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде өрт қауіптілігі жоғары болуы ықтимал.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазгидромет дауыл туралы ескерткен болатын: «9-10 мамыр күндері Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында шығыстан соғатын желдің 17-22 м/с дейін күшеюі, жел екпінінің 30 м/с дейін, кейбір жерлерде шаңды дауылдың болуы күтіледі. 9-10 мамыр күндері Алматы, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде солтүстік-шығыстан желдің 17-22 м/с дейін күшеюі, жел екпінің 27 м/с дейін, кейбір жерлерде шаңды дауылдың болуы ықтимал. 9-10 мамыр түндерінде Шығыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде ауа температурасының 0-5 градусқа дейін төмендеуі күтіледі».