20:51, 24 Қыркүйек 2015 | GMT +5
ҚР СІМ: 17:00-дегі жағдай бойынша Меккеде кептеліс салдарынан қаза тапқандар қатарында қазақстандықтар жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Сауд Арабиясының Мина жазығында (Меккеге таяу жерде) кептеліс салдарынан қаза тапқандар қатарында қазақстандықтар жоқ.
Бұл туралы Твиттердегі парақшасында ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнақов хабарлады.
«Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша, Сауд Арабиясының Мина жазығында (Меккеге таяу жерде) кептеліс салдарынан 717 адам қаза тауып, 863 адам зардап шеккен. Оладың қатарында қазақстандықтар жоқ», - деп жазды А. Жайнақов.