19:33, 28 Мамыр 2015 | GMT +5
ҚР СIМ басшысы Қазақстанның сириялық ахуалға қатысты ұстанымын жария еттi
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов Қазақстанның сириялық ахуалға қатысты ұстанымын жария еттi.

«Бiздiң көзқарасымыз бойынша, бүгiнде сириялық дағдарыс ең өткiр халықаралық дағдарыстардың бiрi. Оның терiс ықпалы Таяу Шығыс аймағына ғана емес, жалпы жаһандық жағдайға қатты әсер етті», - дедi министр Астанадағы баспасөз мәслихатында.
ҚР СIМ басшысы атап өткенiндей, Сирияда ауқымды гуманитарлық апат орын алуда.
«Сириядағы әскери қимылдардың салдарынан 250 мыңға тарта адам көз жұмды, 4 млн. жуық адам елден бас сауғалады. Олардың тағдыры өте қиын. Бұл жағдай олардың үдере көшкен елдерде - Түркияда, Иорданияда, Ливанда әлеуметтiк-экономикалық сипаттағы түйткiлдердiң ушығуына әкеп соқтыруда. Талай адамдарға қайғы-қасырет шектірген мұндай ахуалға төзуге болмайды», - дедi Е. Ыдырысов.