ҚР СІМ басшысы Мәскеуде ҰҚШҰ жауапкершілігі аумағында бірқатар халықаралық мәселелерді талқылауға қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 сәуір күні еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ресей Федерациясына ресми сапар жасайды. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

ҚР СІМ басшысы Мәскеуде ҰҚШҰ жауапкершілігі аумағында бірқатар халықаралық мәселелерді талқылауға қатысады

«Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен перспективалары талқыланып, халықаралық маңыздағы өзекті мәселелер бойынша пікірлер алмасылады деп күтілуде», - деді ресми өкіл.

Министр сол күні Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысып, Ұйымды дамытудың жақын перспективасына қатысты бірқатар мәселелерді талқылауға атсалысады.

Министрлер Ұйым аясындағы сыртқы саясатты үйлестіруге қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады және ұйымның деп күтілуде.