ҚР СIМ басшысы Женевада БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшiсiмен кездеседi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусым айында ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов Женевада БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшiсi Стефан де Мистурамен кездеседi.
None
None

Бұл туралы бүгiн Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлiм еттi.

"Мен Мистура мырзамен ресми кездесу өткiзудi жоспарлап отырмын. Сiздер бiлесiздер, Мистура мырза Женевада бiр айдан берi арнайы кеңестер өткiзуде. Ол онда сириялық дағдарысқа қатысы бар немесе дағдарысты шешуге ықпал ете алатын көптеген адамдармен кездесуде. Маған хабарлағандай, ол бұл жүздесулерді маусым айының орта тұсына дейiн жалғастырмақ. Мен оған дейiн онымен ресми кездесу өткiзуге тырысамын", - дедi ол.

Соңғы жаңалықтар