ҚР СІМ: Белгісіз біреулер басып алған А-320 ұшағында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгісіз біреулер басып алған Александрия-Каир бағытындағы А-320 жолаушылар ұшағында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтауда. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.

ҚР СІМ: Белгісіз біреулер басып алған А-320 ұшағында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталуда

«Қазір бұл оқиғаға қатысты кез келген ақпарат нақтылануда. Қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ, қандай да бір жаңалық болса, хабарлаймыз»,-деді Ә.Жайнақов.

Естеріңізге сала кетейік, белгісіз біреулер басып алған А-320 жолаушылар ұшағы Кипрдегі Ларнаки әуежайына қонды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтемемен Рейтер агенттігі хабарлады.

Ұшақ Александрия-Каир бағытымен ұшқан еді. Әуе кемесінің бортында 81 адам болған.

БАҚ ұшақты айдап әкеткендер мысырлық әйелдер мен балаларға ұшақтан кетуге рұқсат беруге ниетті екенін хабарлап отыр, деп жазады РИА Новости.