ҚР СІМ Брюссельде жүрген қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Брюссельде жүрген қазақстандықтарға үндеу жолдады.
None
None

«20 қарашаның кешінен бүгінгі күнге дейін Брюссель астаналық аймағында және оның маңындағы Вильворд коммунасында лаңкестік қаупінің жоғарғы - 4-ші деңгейі сақталып отыр. Осыған байланысты, Брюссель тұрғындарына адамдар көп шоғырланған жерлерге шықпау, қауіпсіздік қызметтерінің барлық нұсқауын ұстану, қауесет таратпай, билік пен полиция қызметінің ресми ақпаратына сүйенуге кеңес берілді», - делінген хабарламада.

Бельгиядағы Қазақстан Елшілігі штаттық режімде жұмыс істеп, Брюссельде оқып жатқан және уақытша сол жерде жүрген қазақстандықтармен байланыс жасап отыр.

«Қауіпсіздік мақсатында Брюссельде және оның маңындағы жерлердегі Қазақстанның барлық азаматтарына бельгиялық биліктің жоғарыда аталған нұсқауларын орындауға кеңес береміз», - деп атап өтті ведомствода.

Соңғы жаңалықтар