ҚР СІМ-де Қоғамдық кеңес отырысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР СІМ-де ведомство басшысы Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен 29 ақпанда ҚР СІМ жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабаралды.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік ұйымдардың қызметіне қатысты қоғамдық бақылау деңгейін арттыру бойынша бастамасын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті сезінеміз», - деді Ерлан Ыдырысов.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің арасында Қуаныш Сұлтанов, Бірғаным Әйтімова, Уәлихан Қоңырбаев сияқты Қазақстанның қоғам қайраткерлері бар. Болат Сұлтанов, Сұлтан Әкімбеков, Ерлан Қарин сияқты белгілі сарапшылар да Кеңес мүшелері болды. «Алтын Қыран» бас директоры Исламбек Сәлжанов және KAZENERGY Қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсенов Қоғамдық кеңес мүшелігіне қызығушылық танытты. Сондай-ақ Кеңес мүшелерінің ішінде «Айқын» және «Литер» қоғамдық саяси газеттерінің директоры Алан Әжібаев, халықаралық қатынастар бойынша Еуразиялық кеңес директоры, Қазақстан ғаламтор кеңістігіндегі белсенді блогер Жанболат Үсенов, заңгер Лилия Испенбетова бар.

Кеңес құрамында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуына назар аударылды. Олардың қатарында: «АРГО» атқарушы директоры Жәмилә Асанова, Еуропалық құқық пен адам құқықтарының Сараптамалық институтының директоры Марат Башимов, Қазақстанның Азаматтар Альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов, Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, Еуразиялық құқық қорғау орталығының төрағасы Еңлік Нұрғалиева, адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы бойынша қазақстандық халықаралық бюроның Қостанайлық филиалының директоры Анастасия Миллер, сонымен бірге Қазақстанның Интернет-қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров бар.

ҚР СІМ-нен Қоғамдық кеңес құрамына сегіз адам кірді. Оның ішінде ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен негізгі құрылымдардың басшылары бар.

Кеңестің бірінші кездесуінде ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңес туралы Ереже, 2016 жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды, президиум, кеңестің төрағасы мен хатшысы сайланды.

Президиум құрамына Е. Ыдырысов, Қ. Сұлтанов, Б. Әйтімова, Н. Ерімбетов, Б. Жексенбай және У. Сүлеймен кірді. Б. Әйтімова Кеңес төрайымы болды. Ал У. Сүлеймен Кеңес хатшысы атанды.

Соңғы жаңалықтар