ҚР СІМ: Дубайда отқа оранған қонақүйде қазақстандықтар жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайда өртке ұшыраған қонақүйде қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
None
None

Айта кетейік, кеше жаңа жылды мерекелеуге бірнеше сағат қалғанда 5 жұлдызды қонақүй өртенген болатын. Ол әлемдегі ең биік Бурдж Халифа мұнарасының жанында орналасқан. Рейтер агенттігі 14 адам зардап шекті деп жазуда. Ал жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт салдарынан 1 кісі қаза тауып, тағы 16-сы жарақат алды. Жалын 63 қабатты мейрамхананың бірнеше ондаған қабатын шарпыған. Қазір тілсіз жау толық ауыздықталды. Әзірге, апат себебі белгісіз. Аталған ауданда жыл сайын қаладағы ең ірі отшашу болады. Қызықты көріністі тамашалауға мұнда мыңдаған адам жиналатын, деп хабарлады www.24.kz.

Соңғы жаңалықтар