17:12, 26 Қараша 2018 | GMT +5
ҚР СІМ Евгений Прудников қазасы жайында: Жүрегі тоқтап қалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматы Евгений Прудников Одесса қаласында көз жұмды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«1985 жылы дүниеге келген Қазақстан азаматы Евгений Прудников Одесса қаласында қайтыс болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүрегі тоқтап қалған. Кеше кешкісін Борисполь әуежайынан Киев-Алматы бағдарымен оның мүрдесі Қазақстанға жеткізілді», - деді ол.
Айта кетейік, Евгений Прудников Қарағанды медицина институтын балалар хирургі мамандығы бойынша бітірген. Ол IPF пауэрлифтингтен ҚР спорт шебері, бодибилдингтен Қазақстан құрамасының мүшесі болған. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды.