ҚР СІМ «Germanwings» компаниясы ұшағында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі «Germanwings» компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.
«Germanwings компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта министрлік ұшақ бортында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр», - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА жолдаған сауалына ҚР СІМ баспасөз қызметінен. ҚР СІМ хабарлауынша, ресми ақпарат алынған кезде қосымша мәліметтер хабарланатын болады.