18:57, 21 Сәуір 2014 | GMT +5
ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып Роман Василенко тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып Роман Василенко тағайындалды.
Ол 2009 жылдан 2012 жыл аралығында осы комитетте төрағалық еткен болатын. Кейін Р. Василенко «Назарбаев орталығы» басшысының орынбасары қызметін атқарды. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болып жұмыс істеді.
«Бүгін Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мені ұжымға ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасы ретінде таныстырды», - делінген Роман Василенконың өзінің Twitter парақшасында.