ҚР СІМ: Израильде демалып жатқан барлық қазақстандықтар бұл елден ұшып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильден шыға алмаған Қазақстанның барлық азаматтары бұл ел аумағынан ойдағыдай ұшып кетті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Туристік компаниялардың салғырттығынан Израильден Түркияға ұша алмай қалған Қазақстанның барлық азаматтары бұл ел аумағынан ойдағыдай ұшып кеткенін хабарлаймыз», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР 50 азаматы Израильден әзірге шыға алмай отыр.