ҚР СІМ қамқорлығымен Сыртқы саясат кеңесі және «KazAID» мамандандырылған агенттігі құрылады

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов еліміздің дипломатиялық өкілдіктері басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.

ҚР СІМ қамқорлығымен Сыртқы саясат кеңесі және «KazAID» мамандандырылған агенттігі құрылады

Сыртқы саясат ведомство басшысының атап өтуінше, инвестиция тарту бойынша жұмыстар экономиканы жаңғырту мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі ретінде Сыртқы істер министрлігі қызметінің маңызды бағыты болып қала береді.

«Қазіргі уақытта ғылыми және академиялық топтар өкілдерін, жетекші саясаттанушылар мен сарапшыларды тарту арқылы СІМ қамқорлығымен Сыртқы саясат кеңесін құру мәселесі талқылануда. Кеңес сараптамалық жұмыстардың сапасын арттыру және жаңа сыртқы саяси бастамаларды талқылау үшін балама «эксперттік алаңға» айналуы қажет. Дамуға ресми көрсету жөніндегі «KazAID» мамандандырылған агенттігін құру мәселесінің өзектілігі де күмән тудырмайды. Бұл мәселе қажетті күш пен қаражат тарту арқылы ел Үкіметімен бірлесіп жасалатын болады. Осы мәселелердің барлығы бойынша біздің шетелдік мекемелер тарапынан ұсыныстар күтеміз», - деді министр.