ҚР СІМ: Қазақстан Елшілігі Мюнхен полициясымен тұрақты байланыста

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мюнхенде Қазақстан Елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты түрде байланысып отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

ҚР СІМ: Қазақстан Елшілігі Мюнхен полициясымен тұрақты байланыста

«Дәл қазір қаза тапқан, жараланған қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Жаңалықтар болып жатса, сіздерге хабар береміз», - деді ол.
Айта кетейік, жұма күні кешке Мюнхен орталығындағы «Олимпия» сауда үйі маңына қарулы шабуыл жасалды. Нәтижесінде, 9 адам мерт болып, 16 адам ауруханаға жатқызылды. Полиция 18 жастағы Иран тумасының оқ атқанын хабарлады, оның себеп-салдары әлі анықталмады. Полиция мәліметі бойынша, шабуылшы жалғыз әрекет еткен және өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін.
-Мюнхендегі шабуылды террористік акт деп санау керек пе, жоқ па, әзірге белгісіз -, деп мәлімдеді қалалық полиция басшысы Хубертус Андре.