ҚР СІМ Малидегі шабуыл жасалған қонақ үйде қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйінде тұтқынға алынғандар арасында Қазақстан азаматтарының бар не жоқ екенін анықтап жатыр.

ҚР СІМ Малидегі шабуыл жасалған қонақ үйде қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр

Бұл туралы Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы өзінің Твиттердегі аккаунтінде хабарлады.

Еске сала кетейік, БАҚ-тың хабарлауынша, қаруланған адамдар Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйіне шабуыл жасады. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, қонақ үйде 170 тұтқын бар. Атыс жүріп жатыр, үш адам құрбан болған болуы мүмкін.