ҚР СІМ Непалдағы қазақстандықтарға қатысты түсініктеме берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі А. Әбибуллаев алапат жер сілкінісі орын алған Непалдағы ҚР азаматтары жайында түсініктеме берді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бүгінгі күні ҚР-дың Үндістандағы Елшілігіне Непалдағы туысқандары мен жақындарына алаңдаушылық білдірген азаматтарымыздан сауалнамалар келіп түсуде.
Жел сілкіністері телекоммуникация байланыстарына зақым келтіріп, ҚР азаматтарымен байланыс орнату қиын болып отыр. Сол себепті олар мүмкіндігінше Елшілікке өздері байланысқа шығып жүр.
Қазіргі таңда біз 11 қазақстандықпен байланыс орнаттық. Олар:
1) Кузина Светлана (4 баласымен);
2) Колежников Иван;
3) Файзалиев Расул;
4) Абзальдыкова Жанна (2 баласымен);
5) Безбородов Сергей.
Соңғы жер сілкіністері кезінде Непалда болуы мүмкін келесі азаматтармен байланыс орнату және мекенін анықтау жұмыстарында непалдық және ресейлік әріптестеріміз көмек көрсетуде:
1) Тропынина Ольга;
2) Махамбетов Айбек,
3) Каипов Айдар және жұбайы Касенко Марина;
4) Елена Шерпа.
Непалдағы азаматтарымыздың саны өзгеруі мүмкін екенін түсінеміз. Олардың өзге елдерге кетуі де ықтимал.
Қазақстан және Непал арасында дипломатиялық қатынастар орнатылмаған болса да, непалдық тарап бізге барынша көмек көрсетуде.
ҚР азаматтары Непалда консулдық есепке тіркелмейді және ҚР азаматтарының елге келуі және тұруы туралы мәліметтер қазақстандық тарапқа берілмейді.
ҚР азаматтарының Непалдан ресейлік ТЖМ көмегімен эвакуациялануы қазіргі таңда ресейлік тараппен талқыланып жатыр. Біздің азаматтарға эвакуация штабы ұйымдастырған Катманду қаласындағы РФ мәдени орталығына бару ұсынылды. Эвакуацияланған азаматтар Үндістанға келгенде ҚР Елшілігі оларды Нью-Делиден Алматыға аттануына көмектеседі.
ҚР азаматтарымен байланыс орнату және оларға көмек көрсету мәселесі Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында.