ҚР СІМ-нің басшысы тараптарды украиналық дағдарысты Минск келісушіліктерінің негізінде тезірек шешуге шақырды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - «ШЫҰ аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылық» конференциясында сөз сөйлеген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов барлық тараптарды украиналық дағдарыс бойынша шешімдерді Минск келісушіліктерінің негізінде тезірек шешуге шақырды.
«Оны еңсеру үшін барлық елдер күш салуы тиіс», - деп атап өтті ол.
Министр Украинадағы шиеленіс біздің кеңістігіміздегі ең өткір жағдай болып табылатынын атап өтті.
Қазақстандық тараптың позициясына қатысты ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан өз тарапынан бұл жанжалды шешімін табуда қолдан келгенінше бар мүмкіндікті пайдаланатындығын айтты.
«Қазақстан және оның Көшбасшысы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған үнемі қатысуда. Қазақстан біздің кеңістігіміздегі бұл өткір дағдарыстың шешілуіне жан-жақты көмек көрсетіп, алдағы уақытта осы жанжалды шешу жолдарын іздестіруде бар үлесін қосуға дайын», - деді Е.Ыдырысов.