ҚР СІМ Оңтүстік Кореядағы қазақстандық азаматтарды эвакуациялау қажеттілігін жоққа шығарады
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР СІМ Оңтүстік Кореядағы қазақстандық азаматтарды әзірге эвакуациялаудың қажеттілігі жоқ деп есептейді.
Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлім етті.
Оның айтуынша, қазіргі кезде Оңтүстік Кореяда шамамен 2,5 мың қазақстандық азамат бар. Олардың 500-ге жуығы консулдық тізімге тіркелгендер. Ал Солтүстік Кореяда біздің отандастарымыз жоқ.
«Біз Корея түбегіндегі жағдайды жіті қадағалап отырмыз. Әзірше біздің министрлік ол жақтағы отандастарымызды эвакуациялаудың қажеттілігін көріп отырған жоқ. Егер де мұндай қажеттілік туындай қалса, біз еліміздің азаматтарын жедел түрде көшіріп алуға дайынбыз», - деп атап өтті Ж. Үсенов.