18:25, 15 Маусым 2010 | GMT +5
ҚР СІМ Ош және Жалалабад қалаларындағы жағдайларға байланысты «жедел желі» ашты
АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Ош және Жалалабад қалаларындағы тұрақсыз жағдайға байланысты ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті мына номерлер бойынша «жедел желі» ашты: 8(7172) 72 01 74 (9:00 - 19:00), 8(7172) 72 01 11 (19:00 - 9:00).

Осы телефон байланыстары арқылы Қырғызстанның аталған аймақтарында болуы мүмкін Қазақстан азаматтарының жағдайын және олардың туысқандары, таныстары, достары және т.б. туралы ақпарат алуға болады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.