ҚР СІМ Сирияда түсірілген бейнематериалдағылардың Қазақстан азаматтығына қатысы бар-жоқтығын растап немесе жоққа шығара алмайды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирияда жүрген ҚР азаматтығына қатысы болуы мүмкін адамдар туралы Интернет желісінде таратылған бейне материалға қатысты түсініктемесін таратты.

ҚР СІМ Сирияда түсірілген бейнематериалдағылардың Қазақстан азаматтығына қатысы бар-жоқтығын растап немесе жоққа шығара алмайды

«ҚР Атазаңына сәйкес, біздің еліміздің азаматтары еркін жүріп-тұру құқығына ие, және Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарының шетелге шығуын қадағаламайды. Министрлік Қазақстан азаматтарына шығатын виза бермейді. Оның құзіретіне шетелдің азаматтарына ғана виза рәсімдеу кіреді, яғни шығатын емес, кіретін көші-қонды реттейді.

Сонымен қатар, ҚР СІМ құзіретіне шет елдерде біздің азаматтардың құқықтарын қорғауда тек консулдық-құқықтық қолдау көрсету жатады, сондай-ақ төтенше жағдайларда олардың қазақстандық дипломатиялық өкілдігіне ресми шағымданған кезінде болу елінен шығарып алу кіреді.

Қазіргі таңда ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирияда түсіріліп алынған және интернет желілерінде таратылған бейнематериалдардағы адамдардың Қазақстан азаматтығына қатысы бар-жоқтығын растап немесе жоққа шығара алмайды. Аталған тұлғалардың аты-жөндері бейнематериалда көрсетілмеген, бұл өз кезегінде оларда қазақстандық төлқұжаттың бар екендігін тексеруге мүмкіндік бермейді. Олар консулдық есепке алынбаған. Оның үстіне, өздеріңізге белгілі болатындай, Сирияда қазіргі кезде әскери іс-қимылдар жалғасуда, сондықтан жергілікті билік өкілдері қазақстандық тараптың аталмыш тұлғалардың азаматтығына қатысты ресми сұранымына жауап беруге мүмкіндіктері жоқ. Аталған тұлғалар Сирияға Түркия аумағында орналасқан босқындар лагері арқылы Сирия визасын рәсімдемей кіруі мүмкін деп болжамдаймыз. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан мен Түркия арасында визасыз жүйе орнатылған», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.