ҚР СІМ Сириядан эвакуацияланған қазақстандықтардың есімін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17-18 тамызға қараған түні Мәскеу қаласының «Домодедово» әуежайына РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен Сирия Араб Республикасынан үш Қазақстан азаматы жеткізілді, деп хабарлады ҚР СІМ Баспасөз қызметі.

ҚР СІМ Сириядан эвакуацияланған қазақстандықтардың есімін жариялады

Олар: Салама Татьяна Алексеевна, 1970 жылы туған, оның балалары - Салама Риад, 1998 жылы туған, Салама Искандер, 2008 жылы дүниеге келген.

Қазақстан азаматтарын әуежайда ҚР Ресейдегі Елшілігінің консулдық қызметкері күтіп алды. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.