ҚР СІМ Сыртқы саясатты талдау және болжау комитетінің төрағасы тағайындалды
АСТАНА. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саясатты талдау және болжау комитетінің төрағасы болып Талғат Қалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы наурыздың 20-сындағы қаулысымен ҚР СІМ Сыртқы саясатты талдау және болжау комитеті құрылған болатын.
Бұған дейін хабарланғанындай, Мемлекет басшысының өкімімен бұрынғы төраға Марат Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды.