ҚР СІМ Таиландтағы дағдарыс бейбіт жолмен шешііледі деп үміт артады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы ішкі саяси дағдарыс тек бейбіт жолмен шешілуіне үміт артады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР СІМ Таиландтағы дағдарыс бейбіт жолмен шешііледі деп үміт артады

"Біз Таиландтағы ішкі саяси дағдарыс тек бейбіт жолмен және құқықтық кеңістікте шешіледі деп үміт артамыз», деп атап өтілген хабарламада.

СІМ Таиландта жүрген және осы елге сапар шегуді жоспарлап отырған Қазақстан азматтарына барынша сақтық шараларын ескеруге, шеру өтіп жатқан және адамдар көп шоғырланған жерлерден ұзақ жүруге, құқық қорғау органдарының нұсқауларын бұлжытпай орындауға және коменданттық сағат барысында тұрып жатқан жерлерден шықпауға, сонымен қатар сол елден қайтар кезде жолға алдын ала жиналуға ұсыныс білдіреді.

Қазақстанның Таиландтағы елшілігінде тәуліктік «жедел байланыс» телефондары ұйымдастырылған: +66-85-222-3756, +66-2254-3043. Таиландта 20 мамыр күні әскери ереже режимі жарияланып, 22 мамыр күні коменданттық сағат енгізілді. Коменданттық сағат жергілікті сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін елдің барлық аумағына таралады.