ҚР СІМ: Таиландтағы ірі ЖКО-да зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
АСТАНА.ҚазАқпарат - Таиландта рейс автобусымен апаттан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев Твиттерде хабарлады.
«Таи полициясының хабарлауынша, Бангкок-Убон Ратчатхани рейстік автобусында зардап шеккен жолаушылар арасында біздің мемлекеттің азаматтары болған жоқ», - деп жазды ҚР СІМ ресми өкілі Твиттерде.
22 сәуірден 23-іне қараған түні Таиландтың солтүстік-шығысында Бурирам провинциясында халықаралық рейс автобусы ЖКО-ға ұшырады, 40 адам зардап шекті, олардың 13-і елеулі жарақат алды, деп хабарлады РИА Новости.
Жараланған 13 адамның екеуі - бес жасқа дейінгі балалар. ЖКО-да барлық зардап шеккендер Бурирам провинциясының ауруханасына жеткізілді.
Жеңіл жарақаттанған жолаушыларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, бұдан кейін жергілікті билік оларды аудандық әкімшіліктің жиналыстары залына қонуға орналастырды.