16:03, 15 Наурыз 2020 | GMT +5
ҚР СІМ Төтенше жағдай туралы: Шет елдерде жүрген отандастарымыз Қазақстанға кіре алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ҚР аумағына кіруге шектеу қоюға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шектеу - бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады», - деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінен.
Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды.
Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.