ҚР СІМ Үрімшідегі жағдайды мұқият қадағалап отыр

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Сыртқы істер министрлігі соңғы уақыттары күрделене бастаған Қытайдың Шынжаң- Ұйғыр автономиялық өлкесінің орталығы Үрімшідегі  жағдайды мұқият қадағалап отыр,
None
None

деп мәлімдеді  бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Айта кетейік, қыркүйек айының басында қазақстандық БАҚ-тарда Үрімшідегі жағдай қайтадан ушыға бастағаны, белгісіз біреулер қолдарына піскі алып, адамдарға жаппай шабуыл жасағаны жөнінде ақпараттар тараған болатын.  «Бізде бар мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің ішінде қазақстандық азаматтар жоқ, не болмаса шабуылдың аталмыш түріне, қандай да бір заңнан тыс әрекеттерге қатысты қазақстандық азаматтардан түскен шағымдар біздің дипломаттарда жоқ», деді бүгінгі брифингте ҚР СІМ-нің ресми өкілі.

Е. Ашықбаев, дейтұрғанмен, ҚР Сыртқы істер министрлігі  Үрімшідегі жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырғанын атап көрсетті. «Жағдай бақылауда. Егер қандай да бір ушығулар орын алатын болса, онда сөз жоқ біздің азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданатын болады», деді ол.

Соңғы жаңалықтар