ҚР Сыртқы істер министрлігінде қазақ-өзбек консультациялары өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановтың қатысуымен Қазақстан-Өзбекстан саяси консультациялары өтті.

қазақ-өзбек консультациялары
Фото: gov.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-өзбек ынтымақтастығының өзекті мәселелерінің кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі дамуын, тұрақты сенімді саяси диалогын, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықтың жандануын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Алдағы биік және жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесі жан-жақты қарастырылды. Аталған тұрғыда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын жоғары деңгейде өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.