ҚР Статистика агенттігі ағымдағы жылы заңды тұлғаларға электрондық форматта есеп беруді ілкі режімде жүзеге асырмақ
Оның айтуынша, қазіргі уақытта агенттік электрондық форматта есеп беру бойынша жұмыстарды бастап та кеткен.
«Біздің негізгі мақсатымыз бірыңғай интеграцияланған ақпараттық Е-статистика деген жүйені орнықтыру», деп атап өткен оның сөзіне қарағанда, келесі жылы республикада Е-Үкімет тұғырнамасына бейімделген Е-статистика бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жоспарланып отыр.
«Ағымдағы жылы біз бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйенің техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін 15 миллион теңге сұрап отырмыз. Бұл жұмыс аясындағы нақты сандар келесі жылы айқын болады», деп атап өтті ол.
А.Смайыловтың айтуынша, ағымдағы жылы қолда бар бюджеттік мүмкіндіктер ескеріле отырып, ілкі режімде бұл технология бір-екі статистикалық есеп бойынша мақұлданбақ.