ҚР Статистика агенттігі тұтынушылар белсенділігін бағалады

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Тұтынушылардың сезіну индексі» 2012 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсті және (+21) % құрады.

ҚР Статистика агенттігі тұтынушылар белсенділігін бағалады

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылғы тамызда респонденттердің 33 пайызы соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті, сондай-ақ сәйкес мерзімде респонденттердің 12 пайызы жағдайдың нашарлағанын хабарлады.

 «Экономикалық ахуал индексі» өткен аймен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа өсті және (+21)% құрады. Респонденттердің үштен бірінен азы - 31 пайызы алдағы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың одан әрі жақсаратынын күтеді, ал 11пайызы жағдайдың нашарлауы мүмкін деп есептейді.

«Сатып алу тілегінің индексі» өткен аймен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсті және (+21)% құрады. Респонденттердің үштен бірінен көбі - 34 пайызы 2012 жылғы тамызда жеке үй шаруашылығындағы қаржы жағдайының жақсарғанын, сонымен бірге, респонденттердің 12 пайызы өз үй шаруашылығындағы қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлағанын атап өтті.

Респонденттердің 9 пайызының пікірі бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне қатысты ахуал алдымыздағы 12 айдың ішінде жақсарады десе, сол кездегі сұралғандардың 8 пайызы оған қарама-қарсы пікірді ұстанады. Алдымыздағы 12 айдың ішінде үй шаруашылығындағы ақшалай жинақ сомасының өсу мүмкіндігін сұралған тұтынушылардың 19 пайызы атап өтсе, ал 18 пайызы оның кемитінін жеткізіді.