ҚР Статистика агенттігі тұтынушылардың белсенділігін бағалады

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - «Тұтынушылардың сезіну индексі» 2012 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа кеміді және (+17)% құрады.
None
None

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылғы қыркүйекте респонденттердің 31 пайызы соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті, ал респонденттердің 13 пайызы осы кезеңде жағдайдың нашарлағанын хабарлады.

«Экономикалық ахуал индексі» өткен аймен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа кеміді және (+18)% құрады. Респонденттердің үштен бірінен азы - 30 пайызы алдағы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың одан әрі жақсаратынын күтеді, ал 12 пайызы жағдай нашарлауы мүмкін деп есептейді.

  «Сатып алу тілегінің индексі» өткен аймен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа кеміді және (+17)% құрады. Респонденттердің үштен бірінен азы - 31 пайызы 2012 жылғы қыркүйекте жеке үй шаруашылығындағы қаржы жағдайының жақсарғанын, сонымен бірге, респонденттердің 14 пайызы өз үй шаруашылығындағы қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлағанын атап өтті.

Респонденттердің 9 пайызының пікірі бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне қатысты ахуал алдымыздағы 12 айдың ішінде жақсарады десе, сол кездегі сұралғандардың 8 пайызы оған қарама-қарсы пікірді ұстанады. Алдымыздағы 12 айдың ішінде үй шаруашылығындағы ақшалай жинақ сомасының өсу мүмкіндігін сұралған тұтынушылардың 17 пайызы атап өтсе, ал 18 пайызы оның кемитінін айтты.

Соңғы жаңалықтар