ҚР Статистика жөніндегі агенттігі қарашаның 16-сында сағат 15-00-де «Ашық есік күнін» өткізеді

АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат - ҚР Статистика жөніндегі агенттігі қарашаның 16-сында сағат 15-00-де өтетін «Ашық есік күніне» шақырады.

 ҚР Статистика жөніндегі агенттігі қарашаның 16-сында сағат 15-00-де «Ашық есік күнін» өткізеді

«Ашық есік күнінің» бағдарламасында 2009 жылғы Ұлттық халық санағы, статистикалық деректер өндірісінің жүйесі, статистикалық ақпараттарды тарату, статистиканың бәсекелестік қабілеті, инфляция, баға және т.б. туралы мәселелер талқыланады.

Келушілерге статистикалық жинақтар, Агенттіктің дербес сайтымен танысу мүмкіндігі және Агенттік сайтындағы статистикалық деректерді іздеуде талап білдірушілердің әрқайсысына жеке көмектер ұсынылады.

Іс-шара Агенттіктің мына мекен-жайы бойынша өткізіледі: Астана, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, А блогі, 4-ші кіреберіс.

Тіркеу сағат 15.00-ден 15.30-ға жейін жүргізіледі. Әркім өзімен бірге жеке куәлігін ала келуі тиіс.

«Ашық есік күнінің» бағдарламасы www.stat.kz сайтында орналастырылған.

Қосымша ақпараттар үшін Агенттіктің баспасөз қызметіне (87172) 74-92-57, 74-93-41 телефондары бойынша хабарласуға болады.