ҚР Сырқы iстер министрлiгiнде бас ғимаратында велотұрақ ашылды
Astana EXPO-2017 эгидасымен орнатылған велоқтұрақтың ашылуына министр Ерлан Ыдырысов, сонымен қатар елiмiздегi бiрқатар шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерi мен елшiлерi қатысты.
"ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң аумағында салынған аталмыш тұрақ Астанада орталық ведомстволарда ашылған тұңғыш велосипед тұрағының бiрi болып отыр. Велосипед экологиялық тұрғыда ең таза көлiк құралы болып табылады және қаламыздың ауасын сауықтыруға септеседі. Сондықтан оның қолдану аясын кеңейтуге атсалысып, келешекте осындай велотұрақтарды ашуды өзге министрлiктер қолдайды деп сенемiз. Велотұрақтың Астана мерейтойы қарсаңында ашылуы бiз үшiн үлкен мәнге ие", - дедi Е.Ыдырысов.
Оның айтуынша, Қазақстан құрамасының Лондон-2012 Олимпиадасындағы ғаламат жетiстiгiнен кейiн, ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң жас дипломаттары мен қызметкерлерi ведомоство ауласында велотұрақ ашып, жұмысқа велосипедпен қатынап тұруға шешiм қабылдаған.