ҚР Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ/АҚДИБ/ директорымен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин ЕҚЫҰ Адам құқықтары және демократиялық институт жөніндегі бюро (АҚДИБ-БДИПЧ) директоры Янеш Ленарчичпен кездесті,

ҚР Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ/АҚДИБ/ директорымен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл маңызды жүздесу болды. Өйткені, Қазақстан 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы қызметіне кіріседі», - деді Я. Ленарчич журналистерге берген сұхбатында. Оның атап көрсеткеніндей, тараптар ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық саласындағы өзгерістерге қатысты бірқатар дайындық шараларын талқылады. «Олардың өткізу орны мен уақыты нақты белгіленбегенімен, оған дайындық жұмыстары басталғандығы қуантады. Өз кезегімізде Қазақстанға ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету барысында барлық қажетті көмектерді көрсетуге әзірміз», - деді ол.