ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Бакуге келді

БАКУ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Амангелді Жұмабаев Бакуге келді.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Бакуге келді

Қазақстандық дипломаттың Бакуге жұмыс сапарымен барған мақсаты қазақстан-әзірбайжандық сыртқы саясат аралық консультацияларға қатысу болып табылады.

Бүгін А. Жұмабаевтың ӘР-ның Сыртқы істер министрі Эльмар Мамадьяровпен және ӘР СІМ министрінің орынбасары Халаф Халафовпен келіссөздері өтеді деп күтілуде.

Кездесу барасында бірқатар халықаралық, екіжақты құқықтық құжаттар мен келісімдердің талқылануы жоспарланған, сондай-ақ  әзірбайжан тарапына Қазақстанның астанасында халықаралық EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты Астананың кандидатурасын қолдау бойынша өтініш білдіріледі.