ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Арабиясы Корольдігі СІМ орынбасарымен кездеседі
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Қазанның 29-ы күні ҚР Сыртқы Істер министрлігінде вице-министр Қайрат Сарыбай мен Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары ханзада Халед бен Сауд бен Халед әл- Саудтың екіжақты кездесуі өтеді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-сауд ынтымақтастығының саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзекті мәселелерін, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдардың келешек жоспарларын талқылайды.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, бұл сапар ханзада Халедтің Орталық Азия елдері бойынша сапарлары шеңберінде жүзеге аспақ.