17:19, 06 Тамыз 2012 | GMT +5
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Сирияға сапарлаудан бас тартуға шақырды
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Сирия Араб Республикасындағы жағдайдың шиеленісуіне орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына аталмыш елге барудан қалыс қалуға кеңес береді.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігі аталған елдегі азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларды атқаруда.
Көмекті қажет еткен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстанның тиісті консулдық мекемелерімен келесі байланыс телефондары арқылы хабарласа алады:
- Иорданиядағы ҚР Елшілігі: +962 65928053, +962 65927954;
- Түркиядағы ҚР Елшілігі: +90 312 4919100, +90312 4461265;
- Ливандағы ҚР Дипломатиялық миссия: + 9611 786587;
- Сириядағы ҚР Консулдығы: +963 965534743, +963 776633983:
- ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті: 8 7172 72-04-86.