ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандық 27 азаматқа қатысты қабылдаған шешімі үшін өзбек тарапына ризашылық білдірді

АСТАНА. Маусымның 225-і. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі  ресми ақпарат таратты,

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандық 27 азаматқа қатысты қабылдаған шешімі үшін өзбек тарапына ризашылық білдірді

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда: Маусымның 24-інде Өзбекстан Республикасының Нөкіс қаласында қамауға алынған Қазақстанның 27 азаматының үстінен қозғалған сот үдерісі аяқталды.

Сот оларды Өзбекстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  223, 182, 169  барлық үш бабы бойынша («ұрлық», «шекарадан заңсыз өту», «кедендік заңдылықтарды бұзу») айыптады», - деп атап өтілген.

Дегенмен, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің  Қазақстан Республикасының қамауға алынған 27 азаматына қатысты бас бостандығынан айырмауға  немесе олардың  отбасылық және материалдық қиын жағдайларына байланысты  сотта оқылған ең төменгі  шектеуден де төмен  жаза қолдану, сондай-ақ  басқа да жеңілдік беретін жағдайларды қарастыру туралы  ресми  қолдаухатын ескерген өзбекстандық сот барлық ұсталғандарды  қамаудан босату  туралы қаулы қабылдады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі   ағайынгершілік пен тату көршілікке сәйкес келетін шешім қабылдағаны үшін  өзбек тарапына ризашылық білдіреді.