ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Дүйсебаев жұмыс сапарымен Оралға келді

ОРАЛ. 21 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысына тариф саясатын түсіндіру мақсатымен ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Асылбек Дүйсебаев келді.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Дүйсебаев жұмыс сапарымен Оралға келді

Сапар барысында ол «Орал су арнасы» МКК, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-да болып, кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-да А.Дүйсебаевтың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы болмақ.