ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде жұртшылық тыңдаулары өтті

АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде электр энегиясымен қамтамасыз ету жөнінде жұртшылық тыңдаулары өтті,

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде жұртшылық тыңдаулары өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Қарашаның 1-нен бастап электр энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі тарифтің өсуі сыртқы жеткізушілерден электр қуатын сатып алу бағасының 3,25 теңгеден 3,60 теңгеге дейін артуымен байланысты »,  деп атап өтті «Астанаэнергосбыт» ЖШС бас директорының орынбасары Жұмабике Сұлтанова. Оның айтуынша, тарифтің өсуіне сондай-ақ жаңа абоненттік учаскелерді ашу және сервистің сапасын жақсарту қажеттілігі әсер етуде.