19:48, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚР Табиғи монополияны реттеу агенттігінің төрағасы Елбасы Жолдауын және энергия үнемдеу міндеттерін талқылау жөніндегі «дөңгелек үстелге» қатысты
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде ҚР Табиғи монополияны реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергеновтың қатысуымен «Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және талқылау» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚазАқпарат тілшісі хабарлағанындай, Мемлекет басшысының «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезіндегі «Біздің ортақ болашағымыз үшін Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы» баяндамасында айтылған энергияны үнемдеу, шығынның нормасын қысқарту және нормадан жоғары шығынды жою, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тариф жасау секілді міндеттерге ерекше мән берілді.Отырыс жұмысына энергия компаниялары мен салалық мемлекеттік органдардың сарапшылары, қоғамдық және ардагерлер бірлестіктерінің, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері қатысты.Н.Алдабергеновтың атап өткеніндей, табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) қызметтерін негізгі реттеуші Агенттік және әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы инфрақұрылымдық салалар үшін Жолдауда белгіленген бірқатар басым міндеттер бар. Біріншіден, бұл коммуналдық жүйені жаңғырту және жаңарту жөніндегі жұмыстар, екіншіден ? біртіндеп шығынның нормативін төмендету және нормадан жоғары шығынды жоюды қоса есептегенде, энергия үнемдеу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру. Екі тапсырма да өте үлкен жұмыс көлемін қамтиды.
Агенттік қабылдаған стратегиялық жоспар су-, жылу- және энергия үнемдеу жүйесі үшін жыл сайынғы шығындарды төмендетудің міндетті пайыздық ставкасын бекітті.Өкінішке қарай, әзірге алпауыт кәсіпорындардың техникалық шығындары өндіретін өнімнің үштен бірін құрайды.