ҚР Татар және башқұрт ұлттық-мәдени орталықтары қауымдастығының президенті болып Г. Хайруллин сайланды

2010-2013 жылдар аралығындағы екінші есептік кезең ішінде тындырылған жұмыстар жөнінде Қауымдастықтың президенті Тауфик Кәрімов баяндама жасады.
Кейін Т. Кәрімов өз әріптестеріне өтінішін білдірді. Оның бастамасымен 2007 жылы Жарғыға Қауымдастықтың ашықтығы, демократияның, есептіліктің және сайлаудың принциптерін ұстанатындығы, орнынан ауыспайтын басшылардың болмайтындығы және Қауымдастықтың президенті 3 жылға, бірақ екі мерзімнен артық емес кезеңге сайланатындығы енгізіліп, ол БАҚ-та жарияланды.
Т. Кәрімов басқару мерзімінің аяқталуына және негізгі жұмыстағы жүктемеге орай өзін Қауымдастық президенті лауазымынан босатуды өтінді. Ол 2007 жылдың қазанында және 2010 жылдың маусымында оны Қауымдастық басшысы ретінде сайлау кезінде артылған сенім үшін ризашылығын білдірді.
Президиум Бүкіләлемдік татарлар конгресінің мүшесі Т. Кәрімовке атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, оны Қауымдастықтың құрметті президенті етіп сайлады.
Енді жаңа үшжылдық кезеңде Қауымдастық Президентінің міндеті татарлар әлемінде танымал профессор Гриф Хайруллинға жүктелді. Оның орынбасарлары қызметін аймақтық көшбасшылар Габдулхак Ахунжанов және Ғалия Ғизатуллина атқарады.
Ақсақалдар кеңесін Фарук Богапов басқарса, Ринат Абдулхаликов атқарушы комитетке, Джалиль Ахунжанов жастар комитетіне бас-көз болмақ.
Отырыстың қорытындысы бойынша бірлестіктің жетекшілеріне Қазақстан халқының бірлігін, еліміздегі татар этносының татулығын келешекте нығайту бойынша Үндеу қабылданып, Ассамблеяның Кеңесіне профессор Г.Хайрулинді ұсыну шешілді.